Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қарағандылық студент мәтінді латын қарпіне аударатын бағдарлама жасап шығарды

Мағжан Өменнің бағдарламасы бүгінде университетте қолданылады.

Сурет : www.inform.kz21 Маусым 2018, 14:47

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Математика және ақпараттық технологиялар факультетінің 2 курс студенті мәтінді латын жазуына аударатын конвертор жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Біздің университет «Рухани жаңғыру» бағдарламасында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруға атсалысуда. Мен ойлап тапқан бағдарлама арқылы бірнеше минуттың ішінде-ақ А4 форматындағы 500 бетке дейінгі мәтіндерді аударуға болады. Ондағы суреттер мен кестелер де кедергісін келтірмейді», - дейді Мағжан Өмен.

Автордың айтуынша, бағдарламаны жасап шығаруға бір жарым айдай уақыт жұмсалған.

«Қыркүйек айында факультетіміздің деканы студенттерге арнайы міндеттер жүктеді. Нәтижесінде менің ұсынған нұсқамды қолдады. «Болашақ - менің арманым» стартапына қатысып, жартылай финалға шықтым. Енді ұялы телефондарға арналған латынға аударатын қосымшаны жасап шығарсам деймін», - деді студент.

Мағжан Өменнің бағдарламасы бүгінде университетте қолданылады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер