Венецияда қоғамдық көліктер енді өсімдік майымен жүрмек

Хабар 24 Хабар 24
«Шығынсыз экономика» үдерісі жүзеге асып жатыр.

Бұл – шаһар билігі қолға алған экологиялық тәжірибе, деп хабарлайды Хабар 24.

Мейрамханалар қолданған майды жинап, өңдеуге жібереді. Одан дайындалған отынды су көліктері пайдаланады. Қала әкімдігі осылайша тарихи ескерткіштерге нұқсан келтіретін ауадағы зиянды қалдықтың мөлшері күрт азаятынына үміт артып отыр.

Майға қуырылған теңіз өнімдері Венецияда ең тараған тағамдардың қатарында. Қаладағы мейрамханалардың мәзіріне міндетті түрде қуырылған ас шаяны немесе кальмарлар кіреді. Ал дайындау үшін көп мөлшерде кететін өсімдік майын енді кәдеге жаратып жүр.

Симоне Вентурини, Венецияның экономикалық дамуы жөніндегі кеңесші: - «Шығынсыз экономика» үдерісі жүзеге асып жатыр. Енді қалдықтарды да өзге өндірісте қолданып жүр. Пайдаланған майды ағызып жіберсеңіз, айналамыздағы суды ластайды. Ал отын шығаруға қолдансақ, қоршаған ортаға пайдасын тигізеді. Венецияда қолданылған майды жинауға арнайы контейнерлер орнатылған. Кейін өңдеу үшін зауытқа жеткізіледі.

- Майды бір сүзіп алғаннан кейін біздің биоөндіріс зауытына жібереді. Ол жанармай шығару үшін шикізат ретінде қолданылады. Нәтижесінде дайын болған жоғары сапалы отынның 20 пайызы өсімдік майынан тұрады десек болады, - дейді Eni Refining&Marketing бөлім директоры Джакомо Рисполи.

- Зиянды қалдықтарды азайтатын отын түріне көшу өте маңызды қадам болуы мүмкін. Қолданылып жүрген қозғалтқыштарды ауыстырмай, жаңа технологияларды енгізуге кететін қаржыны үнемдейміз, - деді көлік компаниясының техникалық қызмет көрсету маманы Антонио Феррари.

Венеция каналдарымен жүретін әйгілі «вапореттилер» ылғи адамға толы, сол себептен жанармайды көп мөлшерде қажет етеді. Жолға шықпас бұрын 150 теплоходтың әрқайсысы экологиялық отынды толтырып құйып алады. Бұл тәжірибе жылдың соңына дейін жалғасады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз