Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтанда биыл 190-нан астам аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылды

Нұр-Сұлтан, "Адамдарға арналған канал", дизайн-код, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2021 12:32 Сурет: Facebook/saulet2019
"Адамдарға арналған қала" тұжырымдамасы ойдағыдай жүзеге асып жатыр

Елорданың дизайн-кодын қолдана отырып, "Адамдарға арналған қала" тұжырымдамасының қағидаларын пайдалану кезінде жаяу жүргіншілерге арналған көшелер мен бульварлар құрылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аулаларды абаттандыру кезінде Президенттің тапсырмасы бойынша көгалдандыруға ерекше көңіл бөлініп жатыр. Биыл елордада 1 миллионнан астам жасыл желек (бұталар, ағаштар, көшеттер) отырғызылды. Естеріңізге сала кетейік, Триатлон-парк маңында биыл жөке ағашы мен сирень бұталары отырғызылды. Осылайша, елордада сирень мен емен бағы пайда болды. "Астана Опера" театрының іргелес аумағына 1000 түп бөртегүл мен 700 емен отырғызылды.

"Нұр-Сұлтан-жайлы қала" мастер жоспарының аясында бас қалада 500-ден астам аула мен қоғамдық кеңістіктер абаттандырылды. Мемлекет басшысының бұқаралық спортты насихаттау жөніндегі тапсырмасы аясында ағымдағы жылы Студенттер саябағында "NS street life" көше спортының колизейі орнатылды, онда түрлі жарыстар өткізіледі. Жақында "Атырау" көпірінің және "Ататүрік" атындағы саябақтың астына жаңа скейт-алаңдар салынды. Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысы Нұрлан Ұранхаев

Жаяу жүргіншілердің жаңа көшелерін ұйымдастыру Нұр-Сұлтанның тарихи орталығындағы қоғамдық кеңістікті жандандыруға алып келді әрі маршрутты қалалық жағалаумен байланыстырды. Сондай-ақ, Есіл өзенінің жағасындағы саябақ абаттандырылды.

Сонымен қатар елорда әкімдігі ғимаратының алдындағы орталық алаңда қалалық сквер де пайда болды. Бұл учаскеде ландшафт аралдары құрылады.

2021 жылы жалпы алғанда 190-нан астам аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: