Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Жекеменшікке өтіп кеткен жайылымдық жерлер шаруаларға қайтарылып беріледі

Қосымша 27,7 млн. гектар жайылым керек болып отыр.

Сурет : altaynews.kz22 Маусым 2018, 10:16

2018 жылдың 4 мамырында ҚР Президенті қол қойған «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа заңда тірлігі жерге қараған ауыл жұртына, кәсіпкерлерге тиімді, қолайлы басқа да жаңалықтар баршылық, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Аталған заң 2016 жылы құрылған құрамында Парламент депутаттары, қоғамдық қайраткерлер, белсенділер бар жер реформасы жөніндегі комиссия қызметінің қорытындылары бойынша әзірленіп отыр. Заң ауыл шаруашылығы жерлерін қазақстандықтарға жалға беру нормасын сақтау және жетілдіру; ауыл шаруашылығы жерлерінің жалға берілетін шекті мөлшерін белгілеу; шекара аумағындағы ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану талаптарын күшейту; тұрғындардың жайылым алқаптарына деген қажеттілігін қамтамасыз ету сияқты жер қатынастарының маңызды мәселелерін қамтыған.

Ауылдағы ағайын үшін ең жағымды жаңалық- жайылым жерлер көлемі ұлғаятын болды. Енді жаңарған заң талаптары бойынша мемлекет жекеден жайылымдарды кері сатып алмақ. Ол үшін қаржы қарастыру көзделген. Осылайша төрт түлікке қарап отырған ауыл халқы үшін қолайлы жағдай жасалмақ. Бүгінде өзі ауылда тұрмаса да шенін, байлығын пайдаланып ауылдың төңірегіндегі жерді тарылтып, жеке меншігіне алып алғандар көп.

Аудандардағы кейбір елді мекендердің айналасына мал жаю мұңға айналды. Жаңа заң бойынша бұдан былай шекті мөлшерден асатын жер бір адамның қолына берілмейді. Бұдан өзге, жергілікті тұрғындардың жеке аула малының саны жыл сайын өсуіне байланысты жайылым жетіспеушілігін заңмен шешу мақсатында елді мекендер айналасында жайылым алаңдарын айқындайтын норма белгіленіп отыр.

Алдағы уақытта тұрғындардың жайылым жерлерге мұқтаждығын мемлекет мүддесіне жатқызу жолы арқылы мұндай жер телімдерін әкімдіктермен қайтарып алу мүмкіндігі ұсынылады. Еліміздегі 6585 елді мекен маңындағы 20,8 млн. гектар жайылымдық жер ауыл халқының меншік малын жаюға жетпей келеді. Қосымша 27,7 млн. гектар жайылым керек болып отыр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер