Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы қайта жанданды

АҚШ пен Қытай арасындағы сау­да соғысы қайта жанданып, жаңа фазаға ауысты.

Сурет : egemen.kz22 Маусым 2018, 10:31

Саясаттан гөрі сауданы ма­ңыз­дырақ көретін АҚШ-тың бизнес қауымдастығының өкілі саналатын президент Дональд Трамп өткен аптада отандас өнеркәсіпшілерінің мүддесін қорғау мақсатымен АҚШ-қа енгізілетін Қытай тауарларына 25 пайыздық баж салығын арттыру туралы шешімге қайта оралып, ақыры оған қол қойды. Сөйтіп Америка бюджет түсімін 50 млрд долларға арттыруды да көздеп отыр деп жазады egemen.kz.

Бұл салық америкалық технологиялар мен зияткерлік мен­шік­ті Қытай тарапына беруде әділет­сіздікке тосқауыл болады, сөйтіп амери­калықтардың жұмыс орны сақталатын болады», деді Д.Трамп Ақ үйде осы құжатқа қол қояр кез­де.

Еруліге қарулы» дегендей, бұл шараға Қытай тарапы «Синьхуа» агент­тігі арқылы бірден жауап беріп, Сауда министрлігінің өкілі оны «АҚШ сауда соғысын бастауға итермелеп отыр» деп бағалады. «Біз де сол масштабта және сол көлемде баж салығын енгіземіз.

Осыған дейінгі барлық экономикалық және сау­да келісімдері күшін жоятын болады» деді ол. Бәрі де алдын ала есептеліп, дайын тұрған болуы керек, өткен аптаның соңында Қытай баж салығын 50 млрд АҚШ долларына арттыратын Қытайға жеткізілетін АҚШ тауарларының тізімін де айтып үлгерді. Осы жолы оның қатарына ауыл шаруашылығы тауарлары да енгізіліпті.

Ал бұлар Трампқа дауыс беретін АҚШ-тың ауылшаруашылық аймақтарындағы сайлаушылардың мүдделеріне қайшы келетін болды. Сөйтіп Трамп ескермегенімен Қытай жағы сауданы саясаттың құралына қалай айналдыруды ескеріп отырған сияқты. «Америка дауысының» айтуы­на қарағанда, АҚШ-тың Сауда министрлігі Қытайдың АҚШ-қа енгізілетін 1102 тауарының тізімін жариялап, осылардың бәріне 6 шілдеден бастап баж салығы 25 пайызға артатынын мәлімдеген. «Бұлар негізінен Қытайдың «Қытайда жасалған – 2025» техно­логиялық бағдарламасына үлес қоса­тын өнеркәсіп секторының өнімдері.

Олар авиа-ғарыштық технологияларды, ақпарат және технологияны, роботтехниканы, жаңа материалдар мен автомобильдерді қамтиды» делінген мәлімдемеде. Бір қызығы салық ұялы телефон­дар мен телевизорларға артты­рыл­маған. Ал Қытайдың бұл тауарларын америкалықтар қызыға алып жа­та­ды. Айта кететін жайт, америкалық­тардың сәуір айында жасаған алғаш­қы тізімі 1333 тауар­дан тұратынын айт­қан болатынбыз. Бірақ одан кейін мамыр айында келісім болып, екі жақ та «сауда соғысын» тоқ­тату­ға келіскенін «ЕҚ-ның» 24 мамырындағы нөмірінде жазған едік. («ЕҚ»., «Сауда соғысы аяқталды»., 24.05.2018 ж).

Арада ай өтпей «со­­ғыстың» қай­та басталғандығының өзі ұсақ мемлекеттер ғана емес, алыптар арасындағы тұрақтылықтың да құ­былып тұрғанын көрсетіп тұр. Америкалықтар 6 шілдеден бас­тап күшіне енетін шешім алдымен 818 түрлі тауарды қамтып, ол бюджетке 34 млрд доллар қосымша кіріс түсіретінін айтып үлгерді. Екінші кезеңде 284 түрлі тауарлар енгізіледі екен, бұлар сәуір айында жасалған тізімде болмағандар. Бұлардың дені «Қытайда жасалған – 2025» технологиялық бағдарламасын іс­ке асыруға бағытталған тауарлар.

Сөй­тіп АҚШ өз қарсыласының тех­но­логиялық тұрғыдан өркендеуіне кедергі кел­тіретін ыңғай танытып та отыр. АҚШ президентінің сауда жө­ніндегі кеңесшісі Питер Наварро бұған дейінгі АҚШ пен Қытай арасындағы келіссөздер ешқандай прогресс әкелмегенін, сондықтан да америкалықтардың мүддесін қорғау үшін осы шараның жасалып отырғанын айтты. «Президент америкалықтар үшін осы қадамға барып отыр, өйткені бұл біздің технологияларымыз бен зияткерлік мен­шіктерімізді Қытайдың пайдаланып кетуінен сақ­тайды» деді ол.

Жақсыбай Самрат


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер