Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Семейде баласынан айырылған ата-ана сот шешімімен келіспей отыр

Ауыр жарақат алған бүлдіршіндердің бірі жан сақтау бөлімінде көз жұмған еді.

Сурет : altaynews.kz22 Маусым 2018, 11:18

Семейде екі бірдей мектеп оқушысын қағып кеткен жүк көлігінің жүргізушісі 2 жыл 6 айға сотталды. Алайда қаза болған қос бүлдіршіннің ата-анасы сот шешімімен келіспейді, деп хабарлайды Алтайнюс тілшісі.

Естеріңізге салайық, 2018 жылы 3 сәуірде 49 жасар жүк көлігінің жүргізушісі Қаржаубайұлы көшесінде екі оқушыны қағып кеткен болатын. Ауыр жарақат алған бүлдіршіндердің бірі жан сақтау бөлімінде көз жұмған еді.

Жол-көлік оқиғасынан кейін ҚР қылмыстық кодекісі 345 бабының 2 тармағына сәйкес жүргізуші үстінен іс қозғалған.

– Сот айыпталушыны ҚР қылмыстық кодекісі 345 бабының 3 тармағы бойынша кінәлі деп тауып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан және 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру туралы үкім шығарды. Қылмыстық мерзімін қауіпсіздігі төмен түзету мекемесінде өтейтін болады, – деді №2 сот судьясы Жанат Абенова.

Бақилық болған бүлдіршіндердің ата-аналары сот шешімімен келіспейді. Олар апелляциялық арыз түсірмек.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер