Алматыда ұл баланың үстіне футбол қақпасы құлап кетті
today.kg
Бала жан сақтау бөлімінде ауыр халде жатыр !!!
Алматыда ойын баласының үстіне футбол алаңындағы темір қақпа құлады, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды.
Оқыс оқиға 4 сәуірде кешке, 8-ші ықшам ауданда 79 үйдің балалар алаңының ауласында орын алған.
@Nataly_gumarova-ның ұлына футбол алаңының темір қақпасы құлап кетті, ол бекітілмеген әрі бетондалмаған да!!! Бала жан сақтау бөлімінде ауыр халде жатыр !!! Оның көп жері сынып, жүрегі мен өкпесі қозғалып кеткен, басының да жабық жарақаты бар, - делінген жазбада.
Жазба авторы мердігерді жазалауды талап етеді.
Алматы қалалық коммуналдық шаруашылық басқармасы аталған аула аумағында 2020 жылы келісімшартқа сәйкес, "EC-EnergyQazaqstan" ЖШС мердігері күрделі жөндеу жүргізгендігін хабарлады. Жұмысқа тапсырыс беруші - Әуезов аудандық әкімінің аппараты.
Смета бойынша жалпы алаңы 360 шаршы метр болатын балалар алаңының резеңке жабындысын ауыстыру және жалпы алаңы 340 шаршы метр болатын футбол алаңының қоршауларын ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ, біз 2016 жылы жоғарыда көрсетілген мекен-жайдағы ағымдағы жөндеу жұмыстары аясында ойын алаңын, футбол алаңын абаттандыру және сыртқы жарықтандыруды орнату жұмыстары жүргізілгенін, содан кейін ойын алаңы мен футбол алаңын "Үй басқармасы -14" ХҚКО тексеріп, қабылдап алғанын айта аламыз, - делінген Коммунальдық шаруашылық бөлімінің басшысы А.Какетаеваның жауабында.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript