Ақтөбеде элеватордан құлап, ауруханаға түскен бала көз жұмды

Қайғылы жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2022 13:33 Сурет: pixabay
Бала өкпені жасанды желдету аппаратына қосылып, комада жан сақтау бөлімінде жатты. Дәрігерлер оның хәлін өте ауыр деп бағалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

31 мамырда тоғыз жасар бала қаланың ескі бөлігінде қараусыз қалған элеватордың төбесінен құлап кетті, деп хабарлайды Диапазон.

Көптеген жарақаты және гипотермиясы бар ес-түссіз бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.

Сонымен қатар, балада ауыр ми жарақаты, церебральды ісіну, қан кету, гематомалар және тоңазу тіркелді.

Бала өкпені жасанды желдету аппаратына қосылып, комада жан сақтау бөлімінде жатты. Дәрігерлер оның хәлін өте ауыр деп бағалады.

Балалар ауруханасының бас дәрігері Ербол Жапахов дәрігерлердің бар күш-жігерін салғанына қарамастан, бала 18 маусымда сағат 22 шамасында қайтыс болғанын мәлімдеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: