Жеткіншектің үстіне футбол қақпасы құлап, бас сүйегі сынды

Маңғыстау облыстық ДС басқармасының баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2019 19:03 Маңғыстау облыстық ДС басқармасының баспасөз қызметі
Балаға бас сүйек трепанациясы жасалды.

Маңғыстау облысында 12 жасар балаға футбол қақпасы құлады, деп хабарлайды Zakon.kz өңірдің Денсаулық сауқтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, 29 мамыр күні сағат 19:00 шамасында Қарақия ауданының Жетібай ауылынан Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне шұғыл түрде ауыр жарақатпен 2007 жылы туған бала жеткізілген. Оған бас сүйегі негізінің сынуы, сол жақ маңдай-шеке сүйегінің сынуы және травматикалық шок деген диогноз қойылған.

Нейрохирург Ербол Кенжеваловтың тексеруінен соң баланың басына шұғыл түрде (бас сүейкке декомпрессионналды трепанация жасау, эпидуралды қанды ісікті алып тастау) ота жасалды.

Ота бір жарым сағатқа созылған. Қазіргі таңда баланың жағдайы бір қалыпты.

Баланың әжесі немересінің футбол қақапасының құлауы нәтижесінде жарақат алған айтып отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: