Жаңалықтар тізбегі
0

Пәтерінде есірткі дайындаған семейлік азамат өртке себепкер болды

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2018 23:47 ҚазАқпарат
Иртышская көшесіндегі 10 қабатты тұрғын үйдің иесі пәтеріндегі газ плитасына есірткі затын дайындаған.

Семейде пәтерінде есірткі дайындаған азамат көк түтінге уланып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Семей қалалық төтенше жағдайлар басқармасы мен облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.

Иртышская көшесіндегі 10 қабатты тұрғын үйдің иесі пәтеріндегі газ плитасына есірткі затын дайындаған. Мамандардың алдын ала болжамы бойынша, азамат жанғыш сұйықтық (ацетон) және дәрі-дәрмектердің көмегімен қатты әсер ететін есірткі жасамақшы болған. Бірақ жанғыш сұйықтықтың салдарынан от шығып, ол материалдар мен асүй жиһазына тараған. Қызыл жалынды өзі сөндірмекші болған азаматтың ол ойы жүзеге аспаған. Сөйтіп көк түтінге уланып қалған.

Өрттің жалпы аумағы - 12 шаршы метр. Салдарынан асүй бөлмесіндегі заттар мен жиһаз, тұрмыстық техника жанып кетті.

«Өрт сөндірушілерді азаматтың жанындағы серіктесі немесе көршілері шақырған. 1977 жылы туған үй иесіне алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді» делінген хабарламада.

Өртті сөндіру кезінде тұрғын үйден 25 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Оның 8-і - балалар.

Сонымен қатар, 21 маусым күні өрт салдарынан ер адам көз жұмды. Сағат 20:31-де «101» нөмеріне Чимкентский көшесіндегі үйлердің бірінен өрт шыққаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар үй ішінен 1956 жылы туған ер адамның мүрдесін алып шықты. Өрттің жалпы аумағы - 35 шаршы метр.

Салдарынан жеке заттар, жиһаз, тұрмыстық техника, үйдің төбесі мен қабырғасы жанып кетті. Қазір мамандар оқиға орнында тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, өрт қасақана қойылған немесе қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан орын алған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: