Жаңалықтар тізбегі
0

Бүгін еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады

24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2018 15:19 24.kz
Тек республикамыздың батысында жауын-шашынсыз болады.

Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерде жаңбырмен бірге найзағай болады, желдің күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, дауыл соғады деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерінде - желдің екпіне 15-25 м/с үдейді, найзағай жарқылдап, дауыл соғуы, бұршақ жаууы мүмкін.

Алматы, Қызылорда облыстарының кей жерінде найзағай, желдің күшеюі 15-25 м/с күтіледі. Түркістан облысының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-25 м/с-ге күшейеді, найзағай, дауыл күтіледі.

Қарағанды облысының кей жерінде жел 15-20 м/с үдейді, найзағай жарқылдап, бұршақ болуы мүмкін. Қостанай облысының кей жерінде найзағай жарқылдап, желдің жылдамдығы 15-20 метр секундқа жетеді, тұман түседі.

Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерінде қатты ыстық сақталады, Батыс Қазақстан облысында аптап ыстық күтіледі, кей жерінде өте ыстық болады.

Маңғыстау, Атырау, кей жерінде Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: