Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады
Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерде найзағайлы жаңбыр болады, жел күшейіп, дауыл соғуы, бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, күндіз дауыл соғып, бұршақ түсуі мүмкін, түнде тұман күтіледі.
Алматы, Ақтөбе облыстарының, күндіз Қостанай, Қызылорда облыстарының кей жерінде желдің екпіні 15-23 м/с жетеді, Қостанай облысының кей жерінде түнде тұман күтіледі.
Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с үдейді, дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал, сондай-ақ Қарағанды облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Күндіз Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық сақталады, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерінде өте қатты аптап ыстық болады.
Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл облыстарының кей жерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.