Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады
Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Республиканын оңтүстік бөлігінде кей жерлерде найзағай күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын жауып өтеді, кей жерлерде қатты жауын-шашын болады, тек оңтүстік және оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі 15-20 м/с жаяу бұрқасынмен күтіледі. Атырау, түнде Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.
Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Жамбыл облысында желдің күшеюі кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында түнде кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі. Маңғыстау, түнде Алматы облыстарында кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.