Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2018 15:35 Хабар 24
Кей жерлерде боран, тұман, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста және орталықта көктайғақ болады.

Атомсфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде қар жауып, бұрқасын болады. Кей жерлерде боран, тұман, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста және орталықта – көктайғақ, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің екпіні 15-20 м/с. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде боран, тұман, желдің екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысында түнде желдің екпіні 18 м/с, төменнен соққан боран болады. Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ.

Ақмола, Қостанай облыстарында кей жерлерде төменнен соққан боран, Қостанай облысында – тұман. Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде тұман түседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: