Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Мәдениет және спорт министрі Олжас Сүлейменовке көңіл айтты

Немересі Ескендірдің қазасы елдің қабырғасына батты.

Сурет : www.facebook.com25 Маусым 2018, 17:45

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Олжас Сүлейменовке көңіл айтты. Бұл туралы zakon.kz министрдің Facebook парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Халық құрметіне бөленген ақынымыз Олжас Сүлейменовке қайғырып көңіл айтамын. Немересі Ескендірдің қазасы елдің қабырғасына батты. Олжас Омарұлының отбасының басына түскен қайғыны сөзбен айтып жеткізу қиын. Көңіл жұбатар сөз айту да қиын. Олжас Омарұлының шығармалары қанша адамға қиын сәтте қайыспайтын рух беріп еді. Енді біздер, оның достары, жақын адамдары, ақынның шығармашылығына бас иетін адамдар, бірлесіп оның отбасына тағдырдың салған салмағын жеңілдетуге тырысайық дегім келеді. Болған іске болаттай берік болыңыз. Сізбен бірге жүрегім қан жылап тұр, - деп жазды министр.

Еске сала кетейік Олжас Сүлейменовтің немересі жол апатынан қаза тапты. Жол-көлік оқиғасы Астанадағы «Мәңгілік Ел-Керей Жәнібек Хандар көшесінің қиылысында болды. Қазіргі таңда Астананың ІІД барлық мән-жайды анықтап жатыр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер