Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда Рысқұлов даңғылының бойында үш көлік соқтығысып, жол кептелісі орын алды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2018 18:03 zakon.kz
Бір адам зардап шекті.

Алматыда Рысқұлов даңғылының бойында Жансүгіров көшесіне жетпей үш көлік соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Куәгерлердің айтуынша, Volkswagen Passat пен ГАЗель көлігі шығыс бағытта жүріп келе жатқан. Олардың артында Foton жүк көлігі келе жатқан. Бір сәтте ГАЗель "қытайлық" көліктің алдына шығады, Foton көлігі оны артынан келіп соғады. Соққының салдарынан ГАЗельді Passat көлігіне лақтырып жібереді.

Foton көлігінің кабинасы қатты зақымданып, жүргізушіні қысып қалған. Ер адам көліктен шығарылып, ауруханаға жеткізілді.

Апат салдарынан Рысқұлов даңғылының бойында екі бағытта да жол кептелісі орын алды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2018 18:03, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2018 18:03, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2018 18:03, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2018 18:03, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2018 18:03, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2018 18:03

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: