Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Нұрлан Нығматулин журналистерге «Парламент сөзі» сыйлығын тапсырды

Журналистерге қандай құрмет көрсетсе де артық болмайтынына тоқталған Мәжіліс Төрағасы осы мақсатта биыл екінші рет, «Парламент сөзі» сыйлығы тапсырылып отырғанын атап өтті.

Сурет : www.parlam.kz26 Маусым 2018, 14:21

Бүгін Мәжілісте Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин журналистерді келе жатқан Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтады. Қарымды қалам иелеріне арналған салтанатты жиын Мәжілістің жалпы отырыс залында өтіп, мерекеге шақырылған журналистер әдеттегідей депутаттардың орнына жайғасты. Бұл туралы zakon.kz Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Құттықтау сөзінде Мәжіліс Спикері «Сөз - халықтың айнасы»,- сөз бен қаламды қатар ұстаған ақпарат өкілдері еліміздің айнасы,- екенін алға тарта келіп:

-Қазақстанымыздың даму жолындағы барлық жаңалықтар, өзгерістер осы баспасөз арқылы бүкіл елге, бүкіл әлемге тарайды. Сонымен бірге, қоғамдық ойды жеткізетін де, биліктің және халықтың арасындағы байланыс та осы баспасөз. Сондықтан, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіздік алған күннен бастап, Қазақстанымыздың барлық ақпарат құралдарына ерекше назар аударып келеді. Олардың заманға сай дамуы үшін барлық жағдай да жасалуда. Соның нәтижесінде, еліміздің ақпарат құралдары бүгінде мыңдаған кәсіби мамандар жұмыс істейтін, үздік техникасы бар, озық технологияларды меңгерген еліміздегі ең маңызды саланың бірі болды. Баршаңыз осы салада табысты еңбек етіп, өздеріңізге жүктелген жауапкершілікті зор абыроймен атқарып келесіздер»-деді.

Журналистерге қандай құрмет көрсетсе де артық болмайтынына тоқталған Мәжіліс Төрағасы осы мақсатта биыл екінші рет, «Парламент сөзі» сыйлығы тапсырылып отырғанын атап өтті.

«Парламент сөзі» сыйлығына үміткерлер қатарында «Парламенттік журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша Ғаділбек Шалахметов, «За вклад в развитие парламентской журналистики» номинациясы бойынша Татьяна Костина, «Үздік телевизиялық сюжет үшін» номинациясы бойынша Гүлжан Марқабаева, «За лучший телевизионный сюжет» номинациясы бойынша Илья Рыбин, «Үздік баспа жарияланымы үшін» номинациясы бойынша Жолдыбай Базаров, «За лучшую печатную публикацию» номинациясы бойынша Лэйла Тастанова, «Үздік интернет және радио материалы үшін» номинациясы бойынша «Nur.kz» ақпараттық порталы, «За лучший интернет- и радиоматериал» номинациясы бойынша Муратбек Мақұлбеков, «Арнайы репортаж» номинациясы бойынша Жәудір Оразханова, «Специальный репортаж» номинациясы бойынша Ирина Севостьянова, «Үздік бейне – сурет материалы үшін» номинациясы бойынша Рустам Абельдинов, «За лучший видео- и фотоматериал» номинациясы бойынша Жанар Сердалина жеңімпаз деп танылды.

«Парламент сөзі - елдің сөзі, халықтың сөзі. Оны сіздер, әрбір отбасына,әрбір азаматқа жеткізіп жүрсіздер. Оны күнде біз оқимыз да, көріп отырмыз да. Сондықтан,баршаңызды алдымызда келе жатқан Баспасөз және ақпарат қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтап, бүкіл депутаттық корпус атынан зор алғысымызды білдіреміз»,- деген Мәжіліс Төрағасы қарулы қалам иелеріне зор денсаулық және шығармашылық жеңістер тіледі.

«Парламент сөзі» сыйлығы бойынша Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов басшылық ететін арнайы комиссия жұмыс істеді.

Осы жылы 100-ден астам өтініш түсіп, іріктеуден өтті. Жеңімпаздарға арнайы тапсырыспен жасалған Парламент бейнесіндегі мүсіндер мен дипломдар табыс етілді.

Салтанатты рәсімнен кейін қонақтарға мерекелік дастархан жайылды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер