Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Той болмайды: Жуырда отбасын құрған танымал жұп таңғалдырарлық мәлімдеме жасады

Әсел Жамақаеваның ұзату тойы сәуір айының ортасында Семей қаласында өткен болатын.

Сурет : stan.kz27 Маусым 2018, 14:21

Таяуда отбасын құрған Батыр Байназаров пен Әсел Жамақаева ел күтпеген мәлімдеме жасады. Жұлдызды жұп үлкен тойдың болмайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Батыр мен Әселдің не себепті мұндай шешімге келгені белгісіз. Десе де жұлдызды жұптың жанкүйерлерін алаңдамауға шақырамыз! Батыр мен Әсел айырылысқан жоқ, тек дүркіретіп той жасамауға бел буған. Бұл туралы жас келіннің өзі айтты.

Айтпақшы, жас жұбайлар жақында Әселдің төркініне қонақ болып, барып қайтқан. Батыр Байназаровтың қайын жұртына жасаған сапары жайлы жұбайы Әсел айтып берді.

“Семейде не істедік? Тамақ іштік, табиғат аясына шықтық, ұйықтадық, қайтадан ас іштік. Күн сайын қонаққа барып, тағы да ас іштік. Қысқасы Семейде өте көңілді күндерді бастан өткіздік. Бұл кішкентай қаланы Батыр небәрі 5 күнде жаттап үлгерді”, – деді ол.

Айта кетейік, Әсел Жамақаеваның ұзату тойы сәуір айының ортасында Семей қаласында өткен болатын.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер