Жаңалықтар тізбегі
0

Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына адвокаттар тегін заң көмегін көрсететін болады

IvDay.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.06.2018 19:04 IvDay.ru
Заң жобасы заң көмегін көрсету тәртібінің ашықтығы мен әділеттілігін және, ең бастысы, сапасын көтеруге бағытталған.

ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында депутаттар «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң жобасын мақұлдады, сондай-ақ оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанда адвокаттық қызмет нарығы жеткілікті деңгейде дамымаған және озық елдердің көрсеткіштеріне сәйкес келмейді. Оның негізгі себептерінің бірі – адвокаттардың жетіспеуі. Ол, өз кезегінде, үміткерлер үшін негізгі мәселелердің бірі болып табылатын өте жоғары кіру жарналарынан туындайды. Алғашқы жарналардың алынып тасталуы адвокаттық мамандыққа жас заңгерлердің кіруіне, адвокаттардың арасындағы бәсекелестікті күшейтуге және олардың санының артуына мүмкіндік береді.

Адвокаттардың кәсіби әдеп нормаларын сақтауын, тәртіптік істердің объективті және жанжақты қаралуын қамтамасыз ету мақсатында екі деңгейлі тәртіптік комиссияны құру қарастырылған. Адвокатураның сапалық құрамын жақсарту мақсатында заң жобасымен адвокаттардың біліктілігін көтеру механизмі қарастырылған.

Заң жобасымен халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына адвокаттармен және заң консультанттарымен құқықтық жағдайдың басынан аяғына дейін тегін заң көмегін көрсету қарастырылған. Ол – pro bono деп аталады. Айта кету қажет, рro bono қызметі міндет емес, ол құқық болып табылады және оны көрсету мәжбүрлі болмайды.

Бүгінгі таңда соттарда азаматтың мүддесін заң білімі бар кез-келген адам білдіре алады. Алайда осындай көмек сапасыз көрсетілген жағдайда азаматтар өз құқықтарын қорғай алмайды. Осы орайда, соттарда өкілдік ететін жеке тұлғалардың заң консультанттары палаталарына міндетті түрде мүшелікте болуы қарастырылған.

Бүгінде азаматтарды теріс пиғылды адвокаттар мен заң консультанттарынан қорғау механизмі қарастырылмаған. Осы орайда, адвокаттардың, заң консультанттарының міндетті түрде өз кәсіби жауапкершілігін сақтандыру енгізіледі.

Адвокаттық ордерді пайдалану тәжірибесі оның тиімсіздігін көрсетіп отыр. Адвокаттық ордерді алып тастау адвокаттың қызметін оңтайландыруға, оның адвокаттық ұйымнан тәуелсіз болуына, сондай-ақ уақыт пен қаржы шығындарын азайтуға жол ашады.

Сенат отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да қабылданды. Заң жобасы 4 кодекске және 5 Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: