Жаңалықтар тізбегі
0

Н. Нығматулин: Мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беруге тағы бір қадам жасалды

www.parlam.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.06.2018 17:48 www.parlam.kz
Заң жобасы арқылы 3 кодекске және 4 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі деп күтілуде.

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп Zakon.kz хабарлайды.

Заң жобасы азаматтардың өзін-өзі реттеуді дамыту арқылы шешімдер қабылдау процесіне қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге, мемлекетке тән емес функцияларды бәсекелес ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беруге бағытталған.

Заң жобасы «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамның» 97-қадамын іске асыру мақсатын көздейді. Осы ретте Мәжіліс Төрағасы: - біз Елбасымыздың Ұлт Жоспарын орындау жолында тағы бір маңызды қадам жасадық деуге болады. Президентіміз айтқандай, еліміздің дамуы - бірқатар мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беруді талап етеді.

Оның басты мақсаты – мемлекеттік органдардың уақытын үнемдеп, жұмыс сапасын күшейту. Осы орайда, бүгін мақұлданған заң жобасының орны да ерекше, рөлі де өте зор,-деді.

Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, ең бастысы – заң жобасы мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға берудің нақты белгіленген ережелерін бекітеді. Нәтижесінде бұл мәселеде бүгінге дейін орын алып келген жүйесіздікке, ретсіздікке жол берілмейді.

Айта кетейік, осы заң жобасы арқылы 3 кодекске және 4 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі деп күтілуде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: