Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қазақстанда туризмді одан әрі дамыту туралы келісімге қол қойылды

«Көшпенділер әлемі» фестивалінің ашылуы аясында «KazakhTourism» ҰҚ» АҚ мен «QazaqGeography» РҚБ арасында өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойылады.

Сурет : primeminister.kz2 Шілде 2018, 09:43

Астананың 20 жылдығына арналған «Көшпенділер әлемі» көшпенділер мәдениетінің халықаралық фестивалінің салтанатты ашылуы болды. Шара Қазақстан, Ресей Федерациясы (Якутия, Башқұртстан), Венгрия, Болгария, Түркия, Украина, Қырғызстан командаларының шеруімен басталады. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жкариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Салтанатты шараға «KazakhTourism» ҰҚ» АҚ басқарма төрағасы Р. Күзембаев, «QazaqGeography» РҚБ басқарма төрағасы Ж. Рүстем, Астана қаласы әкімдігінің өкілдері және фестиваль серіктестері қатысты.

«KazakhTourism» ҰҚ» АҚ басқарма төрағасы Р. Күзембаев «Көшпенділер әлемі» фестивалі жыл сайын өткізілетінін айтты.

«Алғашқы кезде біз Астанада, мүмкін Ақмола облысында боламыз. Одан соң Қазақстанның барлық өңірлерін шарлап шығамыз деп ойлаймын. Өйткені біздің территориямыз ортақ, тіліміз, дәстүріміз ортақ, сондықтан мұндай керемет іс-шараны барлық өңірлер тамашалауы тиіс деп санаймын. Міндетіміз - біздің азаматтарымыз үшін ғана емес, шетелдерден келетін туристер үшін де қызықты болатын жаңа туристік бағдарлар құру», — деді Р. Күзембаев.

«Көшпенділер әлемі» фестивалінің ашылуы аясында «KazakhTourism» ҰҚ» АҚ мен «QazaqGeography» РҚБ арасында өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойылады, оның мақсаты ортақ — Қазақстан Республикасында туризмнің, ғылым және мәдениеттің дамуына ықпал ету.

«Бүгін меморандумға қол қойылуы өте маңызды, бұл біздің екі ұйымның — «KazakhTourism» ҰҚ» АҚ мен «QazaqGeography» РҚБ география, этнография, мәдениеттану, тарих салаларында бірлескен жобаларды іске асыруда дамуы», — деді «QazaqGeography» РҚБ басқарма төрағасы Ж. Рүстем.

Жуырдағы бірлескен жобалары 2018 жылдың тамыз және қыркүйек айларында Жібек жолы және Орталық Қазақстанның тарихи және табиғи ескерткіштері бағыты бойынша екі бірлескен экспедиция болады.

«Көшпенділер әлемі» келушілері үшін көшпенділердің 3 тарихи эпосы дайныдалғанын айта кету керек.

Бірінші эпоста «Багатур» командасы болгарлық батырларды құтқарып қалған перізаттар туралы аңызды сахналаса, түрік командасы Осман қорғанының тарихын жеткізуге тырысады.

Қазақстандық топ Медет пен Айсұлудың махаббат дастанын көрсетеді. Аңызды сахналау кезінде «Теңге алу», «Қыз қуу», «Аударыспақ» сияқты ұлттық ойындар көрсетілетін болады.

Аумағы 7 ауылдан тұратын фестивальдің тұрғындары көшпенділер мәдениетін жетік меңгерген жаужүрек сарбаздар, мергендер, ат құлағында ойнайтын шабандоздар және музыканттар сан түрлі қойылымдар қойып, шеберлігімен көрерменді тәнті етпек.

Екі күн бойы әр «ауылда» қызықты шаралар өткізіледі:

«Ақ мерген» ауылы — көшпенділерден келе жатқан көне қару садақпен атудың шеберлерін анықтайды;

«Шабыт» ауылы — түркі халықтарының этникалық музыкасымен таныстырады;

«Тайбурыл» ауылы — «Көкпар тарту», «Аударыспақ», «Қыз қуу», «Асау» және тағы басқа ұлттық ойындарды паш етпек;

«Керуен сарай» ауылы – меймандарға көшпенділердің ас әзірлеу әдісі мен мәзірін ұсынбақ;

«Ақ сақа» ауылы — «Қазақ күресі», «Арқан тарту», «Асық ату» және тағы басқа көшпенділердің дәстүрлері ойындары болып, рухы мен болмыс-бітімі берік батырлар өз өнерін ортаға салады;

«Батыр» ауылы — дала батырларының ежелгі шайқастарының қыр-сырымен таныстырады;

«Шебер» ауылы — көлөнер шеберлерінің бұйымдарын паш етумен қатар оны жасаудың сырымен бөліседі;

Бұдан өзге, садақ ату, теңге алудан шеберлік сыныптары өкізіледі деп жоспарланып отыр.

«QazaqGeography» создано республикалық қоғамдық бірлестігі 2013 жылы құрылған. QazaqGeography бес басымдықты бағыттар жұмыс істейді: география, климат; қоршаған орта, табиғи ресурстар, биоалуандық, туризм, саяхат, өлкетану; тарихи-мәдени мұра, этнография. Қазіргі кезде мына өңірлерде өкілдіктері ашылған: Алматы қ. Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында.

«KazakhTourism» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы 2017 жылы шілде айында құрылған. Компанияның негізгі міндеттері — шетелдерде еліміздің туристік әлеуетін тарату, сонымен қатар Қазақстанның туристік саласына инвестициялар тарту.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер