Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Павлодар облысында полицейлер 5 мыңнан астам қару иесін тексерді

Ведомство ұсынған мәліметіне сүйенсек, Качир ауданының тұрғынынан табылған 5,6 мм калибрлі ойық қару патрондары тәркіленді.

Сурет : www.pavlodarnews.kz2 Шілде 2018, 17:19

Павлодар облысында 18 және 27 маусым аралығында «Қару» жедел алдын алу шарасы кезінде полицейлер тұрғылықты мекенжайы бойынша 5200-ден астам қару иесін тексерді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

- Нәтижесінде 101 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінде.

- Оның ішінде 74-і ҚР ӘҚБтК 484-бабы 1-бөлімі бойынша – қару сатып алу, сақтау, пайдалану және тасымалдау талаптарын бұзған.

Сонымен қатар, 67 бірлік тіркелген қаруды сақтау және қайта тіркеу тәртібін бұзу және екі бірлік тіркелмеген қару мен жеті оқ-дәр алынды.

Ведомство ұсынған мәліметіне сүйенсек, Качир ауданының тұрғынынан табылған 5,6 мм калибрлі ойық қару патрондары тәркіленді.

Аталмыш фактіге қатысты ҚР ҚК 287-бабы, 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Шарбақты ауданының тұрғынынан сарай ішінен заңсыз сақталынған 16 калибрлі «ИЖ-43» қаруы алынды.

Аталған факт бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, материал сотқа жолданды.

Айта кетейік, қару иесі үйінде үш айдан астам болмаған уақытта мысалы, іссапар, демалыс, емделу немесе әскери қызмет атқару кезінде тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарына қаруды уақытша сақтауға тапсыруы тиіс.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер