Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысының полицейлері 4 күнде халықтан 19 заңсыз қару тәркіледі

Алматы облыстық ПД, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2019 18:38 Алматы облыстық ПД
Қарасай ауданының 50 жастағы тұрғынынан 33 пышақ тәркіленді.

"Құқықтық тәртіп" республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында Алматы облысының тәртіп сақшылары 17 облыс тұрғынының тіркелмеген, заңсыз қару-жараққа қатысы барын анықтап, олардан 19 мылтықты тәркіледі. Оның екеуі – ойық мылтық, 9 дана тегіс ұңғылы аңшы мылтығы және 8 дана травматикалық және газбен атылатын қару болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Іле ауданының полицейлері жергілікті тұрғынның үйінде тіркелмеген заңсыз қару барын анықтады.

"35 жастағы азаматтан қару тәркіленіп, тиісті сараптамаға жолданды. Қару иесі мылтықты хабарландыру арқылы тиісті құжаттары болмаса да белгісіз біреуден сатып алғанын хабарлады. Дегенмен, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, шыққан тегі белгісіз қарудың қайдан алынғаны және мылтықтың тарихы анықталатын болады", - деп атап өтті облыстық ПД баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, іс-шара барысында Қарасай ауданының 50 жастағы тұрғынынан 33 пышақ тәркіленді. Тергеу барысында күдіктінің суық қаруларды қолдан жасап, саудалайтыны анықталды. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдіктілер мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: