Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Сағынтаев Татарстан Президентімен инвестициялық ынтымақтастық келешегін талқылады

Бұдан өзге, кездесу қатысушылары білім беру және өнеркәсіп салаларындағы өзара іс-қимыл бағыттарын қарады.

Сурет : primeminister.kz4 Шілде 2018, 11:32

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының таныстырылымына және Қазақстан елордасының 20 жылдығын мерекелуге қатысу үшін екі күндік жұмыс сапарымен келген Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановпен кездесті. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері және инвестициялық өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту жоспарлары, сондай-ақ транзиттік-көлік саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру келешегі талқыланды.

Бұдан өзге, кездесу қатысушылары білім беру және өнеркәсіп салаларындағы өзара іс-қимыл бағыттарын қарады. Б. Сағынтаев Қазақстанға Татарстанның цифрлық сервистік қызметтерді енгізу мен ақпараттық технологияларды дамытудағы тәжірибесі қызығушылық тудыратынын мәлімдеді.

Өз кезегінде, Татарстан Президенті Рустам Минниханов Қазақстан мен Татарстанның экономиканың түрлі салаларындағы тиімді ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті.
Барлық құқығы қорғалған.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер