Мамин Катардың сауда және индустрия министрі Али бен Ахмед әл-Кауаримен кездесу өткізді

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2020 22:46 primeminister.kz
Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және қаржы-банк салаларындағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Катар мемлекетінің сауда және индустрия министрі Али бен Ахмед әл-Кауари бастаған делегацияны қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Али бен Ахмед әл-Кауари Қазақстан Үкіметінің басшысын жоғары деңгейдегі V Қазақстан–Катар бірлескен комиссиясының сарапшылық тобы отырысының қорытындылары туралы хабардар етті.

"Үкімет басшысы сауда-экономикалық, инвестициялық, қаржы-банк, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы ынтымақтастықты дамытуға елеулі әлеуеттің бар екенін атап өтті. Елдердің арасында визасыз режим орнатылған, жақында Нұр-Сұлтан мен Доха арасында тікелей рейстерді іске қосу жоспарланған. Одан кейін астаналар арасында ғана емес, сондай-ақ Алматы мен Доха арасында аптасына 7 рет жиі рейстер орындала бастайды" делінген Үкіметтің ресми сайтында жарияланған хабарламада.

Тараптар биыл наурыз айында Қазақстанға Катар шейхі әмір Тамим бен Хамад әл-Танидің келуін, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және қаржы-банк салаларындағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.

Кездесуге ҚР ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, Катар мемлекетіндегі ҚР төтенше және өкілетті елшісі А. Шоқыбаев қатысты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: