Жаңалықтар тізбегі
0

Мамин Башқұртстан басшысы Радий Хабировпен кездесу өткізді

ПМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2021 19:09 ПМ
Тараптар Қазақстан-Ресей стратегиялық серіктестігін одан әрі тереңдету бойынша өзара іс-қимылдың жай-күйі мен перспективаларын талқылады.

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабировпен кездесу өткізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Тараптар Қазақстан-Ресей стратегиялық серіктестігін одан әрі тереңдету бойынша өзара іс-қимылдың жай-күйі мен перспективаларын талқылады, делінген primeminister.kz сайтында.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2021 19:09

Үкімет басшысы Қазақстанның Башқұртстанмен сауда-экономика, инвестиция, көлік-логистика, энергетика, АӨК, өнеркәсіптік кооперация және басқа да салалардағы ынтымақтастығын арттыру үшін елеулі әлеуеттің бар екенін атап өтті. 2021 жылғы қаңтар-шілде айларында Қазақстан мен Башқұртстан арасындағы тауар айналымының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,2%-ға өсіп, шамамен $200 млн құрады.

Нұр-Сұлтан мен Уфа қалалары арасында тікелей әуе қатынасын ашу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Келіссөз барысында аймақаралық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ Жайық (Орал) трансшекаралық өзенінің ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесуге Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев және т. б. қатысты.

Радий Хабировтың Қазақстанға сапары аясында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен, Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевпен, Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевпен кездесуі, Қазақстан-Башқұртстан іскерлік форумына қатысуы, АХҚО және Үкіметтің Цифрлық офисіне баруы жоспарланған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: