Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Данияр Ақышев – «7-20-25» бағдарламасы шеңберінде алғашқы қарыздар берілді

Ол Бағдарлама бойынша ипотекалық қарыздар ұлттық валютада берілетінін және оған тұрақты кірісі бар, меншік құқығында баспанасы жоқ азаматтар қатыса алатынын атап өтті.

Сурет : www.qamshy.kz4 Шілде 2018, 12:16

«7-20-25» бағдарламасы шеңберінде Алматы, Астана, Ақтау, Өскемен және Орал қалаларында алғашқы жеті қарыз берілді. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев бүгін Алматы қаласында өткен Ұлттық Банк пен «Баспана» ипотекалық ұйымының брифингі барысында айтып берді. Бұл туралы zakon.kz, Қазақстан Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Ол ағымдағы жылғы наурызда Мемлекет басшысы Қазақстан халқының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған 5 әлеуметтік бастаманы алға тартқанын еске салды.

«Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бастамасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Ұлттық Банкі «7-20-25» жаңа ипотекалық бағдарламасын бекітіп, «Баспана» арнайы ұйымын құрды.

«Маусымда ҚР Парламенті заңнамаға Бағдарламаны тиімді іске асыруға қажетті түзетулерді қамтитын заң жобасын қабылдады. Бағдарлама халыққа 7% мөлшерлеме бойынша ипотекалық кредит алу үшін оңтайлы жағдайлар, кредиттелетін тұрғын үй құнының 20% мөлшерінде бастапқы жарна, сондай-ақ 25 жылға дейін кредит мерзімін ұсынады», - деді Д.Ақышев.

Ол Бағдарлама бойынша ипотекалық қарыздар ұлттық валютада берілетінін және оған тұрақты кірісі бар, меншік құқығында баспанасы жоқ азаматтар қатыса алатынын атап өтті.

Д.Ақышевтың айтуынша, «7-20-25» бағдарламасының тағы бір ерекшелігі онда нысаналы мемлекеттік қаржыландырудың жоқ екендігі болып табылады. Бағдарламаны қаржыландыру кредиттік ресурстардың тез қайтарылуын қамтамасыз ету үшін қор нарығында ұзақ мерзімді ресурстарды тарту есебінен жүзеге асырылатын болады.

«Бағдарламаны іске асыру көптеген Қазақстандықтар үшін көптен күткен тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік береді, ипотекалық кредиттеудің қарқынын жандандырады және жалпы ел экономикасының дамуына оң ықпал етеді», - деп түсіндірді Д. Ақышев.

Ол қазіргі таңда Бағдарламаны іске асыру басталғанын, екінші деңгейдегі банктермен келісім жасалғанын және алғашқы ипотекалық қарыздар берілгенін атап өтті.

Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысы өзінің ресми интернет-ресурсын (www.baspana72025.kz) және + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы тегін call-орталығын іске қосқан «Баспана» ипотекалық ұйымына бұдан әрі барлық сұрақ бойынша жүгінуге болады деді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер