Жаңалықтар тізбегі
0

Данияр Ақышев: «7-20-25» бағдарламасы 2018 жылдың екінші жартысында іске қосылады

informburo.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.06.2018 23:08 informburo.kz
Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысы бұрын-соңды болмаған талаптарды ұсынып отырып Бағдарламаны әлеуетті қарыз алушылар ешбір жағдайда мемлекеттің өтеусіз көмегі ретінде қабылдамауға тиіс екенін атап өтті.

«7-20-25» бағдарламасының жобасы әзірленді және ол Қазақстан Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында жақын уақытта жарияланатын болады. Бағдарлама ағымдағы жылдың екінші жартысында іске қосылады деп күтіледі. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатының отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев айтып берді деп жазады zakon.kz.

Ол Қазақстан Ұлттық Банкі қажетті инфрақұрылымды құрып та қойғанын атап өтті – жаңа ипотекалық Бағдарламаның операторы – «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ еншілес ұйымы жұмыс істеп жатыр.

«Бұл компания облигациялар шығарады және тартылған қаражат есебінен банктерден 1 трлн теңгеге дейінгі көлемде қарыздарды сатып алады. Қазіргі уақытта ұйым өзара іс-қимыл жасаудың техникалық мәселелерін іс жүзінде іске асыруды талқылау үшін банктермен тығыз өзара іс-қимыл жасауда», - деді Д.Ақышев.

Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысы бұрын-соңды болмаған талаптарды ұсынып отырып Бағдарламаны әлеуетті қарыз алушылар ешбір жағдайда мемлекеттің өтеусіз көмегі ретінде қабылдамауға тиіс екенін атап өтті.

«Қарыз алушылар тарапынан да, банктер тарапынан да төлем қабілетінің болуы және әділ нарықтық қағидаттарды қатаң сақтау – жаңа ипотекалық Бағдарламаның негізі болады. Қарыз алушыда 20% мөлшеріндегі бастапқы жарнаның болуы Бағдарлама талаптарының негізгі талаптарының бірі болып табылады. Бұдан басқа әлеуетті қарыз алушылардың мұндай жарнаны банкке беруі оларға алынатын қарыздың ең аз мөлшерін қамтамасыз ететінін, демек қарыз бойынша пайыздық шығыстар да аз болатынын түсінгені маңызды», - деп түсіндірді Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы.

Зейнетақы жинақтарын бастапқы жарна ретінде пайдалану туралы сұраққа Д.Ақышев азаматтардың зейнетақы жинақтары олардың қазіргі тұрғын үй проблемаларын шешу үшін емес, зейнеткерлік жасқа жеткеннен кейінгі еңбекке жарамсыздығын қамтамасыз етуге ғана жұмсалуға тиіс деп жауап берді.

«Бұл – Қазақстан Ұлттық Банкі ұстанатын зейнетақымен қамсыздандыру тұжырымдамасы. Сонымен бірге бастапқы жарнаны бірден беруге мүмкіндігі жоқ азаматтар үшін «ҚТҚЖБ» АҚ-тағы салымына ақшаны толтыру және тұрғын үй қарызын Бағдарлама талаптарының тартымдылығынан кем болмайтын талаптармен алу арқылы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысу арқылы баспана алу мүмкіндігі бар», - деп қорытындылады Д. Ақышев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: