Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

​Қарбызда иненің ізі болса, жеуге жарамайды

Балаларға қарбыздың ортасын кесіп беріңіз.

Сурет : ernur.kz5 Шілде 2018, 15:57

Қарбыздан уланудан сақ болыңыз! Ондағы нитраттар адам өміріне өте қауіпті. Себебі ерте пісіп жетілген қарбыздарды түрлі тыңайтқыштармен өсіреді. Сондықтан да, қарбызды дұрыс таңдауды білген жөн. Басқа көкөністерге қарағанда қарбыз зиянды азот қышқылын өзіне көп жинайтын рекордтардың қатарында деп жазады ernur.kz.

Қарбыздың неғұрлым кішірек болғаны дұрыс. Жаз мезгілінің алғашқы айы болғандықтан да үлкен көлемдегі қарбыздың пісіп жетілуі мүмкін емес. Сол себепті де мұндай уақытта кішірек қарбызды сатып алған дұрыс.

Қарбыз пісті-ау дегеннен байқасаңыз, сатуға қолайлы барлық жерлерде осы бақша өнімдерін кездестіруге болады. Алайда, жол жиегінде немесе базарда сатылатын қарбыздарды мүлде сатып алмау керек. Өйткені жерге қойылған қарбыз өзіне көптеген газдарды, зиянды заттарды сіңіреді екен. Сонымен қатар, қарбыздың қабығына түрлі заттар жабысады. Ал, мұны қанша жусаңыз да толықтай тазалай алмайсыз. Жалпы, қарбыз-қауынды арнайы орындардан, сертификаты бар дүкендерден сатып алған әлдеқайда тиімді. Бағасының қымбат болғанына қарамастан осындай жерлерден сауда жасаңыз.

Сабағына мән беріңіз

Қарбыздың сағағы қураған болуы керек. Сағағына мән беріп қарайтын болсаңыз, оның көктей жұлынғанын байқауға болады. Егер сағағы жасыл немесе өткір пышақпен кесілген болса, бұл толық піспеген қарбыз дей беріңіз. Сонымен қатар, мұндай белгі қарбыздың ұзақ уақыт бойы тұрып қалғандығын білдіреді. Ал, сағағы жоқ қарбызды мүлде сатып алудың қажеті жоқ.

Таза піскен қарбыздың қабығында сары жолақтар болады. Қарбызды дұрыс таңдай алмайтындар осындай сары жолақтардан қорқып жатады. Керісінше мұндай қарбыз өте дәмді әрі таза піскен болып саналады. Сондай-ақ, қарбыздың қабығын тырнап көрсеңіз, астынан аппақ қабат әрі қарбыздың хош иісі шығуы тиіс. Бұл да қарбыздың піскендігінің бір белгісі.

Ине салынбағанына көз жеткізіңіз

Қарбыздың қабығына мұқият қараңыз. Онда инелерден қалған тесіктердің болуы мүмкін. Яғни, қарбыз табиғи жолмен пісіп жетілмегенде, оны тыңайтқыштар салу арқылы тез қызартуға қол жеткізеді. Мұндай жолмен тек қарбыздар ғана емес, қызанақты да дәл осылай селитра жіберіп, уақытынан бұрын қызартатындар бар. Қабығында осындай тесіктер мен қара нүктелері барларын да сатып алмаңыздар.

Базарда болсын, дүкенде болсын қарбызды сатып аларда кесіп көрсетуін өтінбеңіз. Өйткені мұндай жағдайда қарбызға жуылмаған пышақтан, қарбыз қабығынан зиянды заттар түсуі мүмкін.

Қарбыздың құрамында нитрат бар-жоғын қалай анықтайды?

Ол үшін қарбызды үйге әкелгеннен кейін суға салып қою керек. Сонда қарбыз судың бетіне қалқып шығады немесе түбіне шөгеді. Суға батқан қарбызды ойланбастан сатушыға қайта апарып берсеңіз болады. Оны жеудің қажеті жоқ.

Қарбызды кескеннен кейін ортасында сары түсті ширатылған жіп секілді еттерді көретін болсаңыз, бұл нитраттардың қайнар көзі. Кесілген қарбыз бір түстес болса ғана оның тыңайтқышсыз, таза екеніне көз жеткізе аламыз.

Балаларға қарбыздың ортасын кесіп беріңіз.

Мамандар қарбызды кесіп жегенде етті жерінен 3 сантиметрдей қалдыру керектігін айтады. Себебі қабығына жақын жердегі етінде тыңайтқыштар көп жиналады. Сондықтан да қарбыздың бір бөлігін тұтастай жемей, аз-аздан жеген дұрыс. Ал, уланып қалудан сақтанғыңыз келсе, әсіресе балалардың ауырмағанын қаласаңыз, ортасын кесіп беріңіз.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер