Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Павлодар облысында алты айдың ішінде әйелдерге қарсы 2000-нан қылмыс жасалған

Отбасын нығайту және отбасындағы тәрбиенің рөлін көтеру» тақырыбына өткен дөңгелек үстел кезінде мәлім болды.

Сурет : pavlodarnews.kz11 Шілде 2018, 17:42

Павлодар облысында 2018 жылдың алты айы ішінде әйелдерге қарсы 2050 қылмыс жасалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық сотта полицейлердің қатысуымен «Отбасындағы гендерлік теңдікке қол жеткізу.

Отбасын нығайту және отбасындағы тәрбиенің рөлін көтеру» тақырыбына өткен дөңгелек үстел кезінде мәлім болды.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сүйенсек, қылмыстылықтың алдын алу мақсатында әкімшілік жауапкершілікке ҚР ӘҚжК 73-бабы бойынша тұрмыстық саладағы іс-қимылға қарсы әрекеттер үшін 1323 құқық бұзушы және 461-бабы бойынша қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін 257 адам жауапкершілікке тартылған.

Облыстық ІІД жергілікті полиция қызметінің атынан ювеналды бөлім бастығы, полиция подполковнигі Бибігүл Қамзина және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Айгүл Ысқақова қатысты. -

Міндетті шаралармен қатар, отбасы беделін арттыруға ықпал ететін, некеде болу және отбасы құндылықтарын насихаттайтын әртүрлі іс-шараларды неғұрлым көп жүргізу қажет. Белсенді өмірлік ұстанымын құрметтеу - өзін тұлға ретінде құрметтеуге негізделген әрі қоғамда дұрыс қалыптасуына септігін тигізетін маңызды фактор. Мұндай отбасыларға психологиялық көмек көрсетуде түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет, - деді Айгүл Ысқақова.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер