Сенатта салықтық жеңілдіктерді оңтайландыру мәселесі талқыланды
Сурет: pexels
ҚР парламенті сенатында өткен "Салықтық жеңілдіктерді оңтайландыру және олардың тиімділігін арттыру" тақырыбына арналған дөңгелек үстел барысында түрлі министрлік өrілдері ұсыныстарын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осы іс-шараның қорытындысы бойынша және мемлекеттік органдар мен Жоғары аудиторлық палатасының ұсынған материалдарды талдау негізінде комитет ұсынымдар жобасын әзірледі.
"Өздеріңіз білетіндей, салықтық жеңілдіктер салық салу объектісі болған кезде салық заңнамасында көзделген салық салудан толық немесе ішінара босату, сонымен қатар төлеуші үшін салық ауыртпалығын басқа да жеңілдету үшін керек. Салықтық жеңілдіктер экономиканы мемлекеттік реттеудің ең маңызды құралы және ол өндірісті дамытуға, оны жақсартуға, қажет инфрақұрылымдық объектілерді құруға әсер етеді. Жоғарғы есеп палатасы бірқатар тиімсіз және жұмыс істемейтін төлемдерді оңтайландыру бөлігінде Салық кодексіне заңнамалық өзгерістер енгізуді талап ететін жүйелік кемшіліктер бар. Өйткені мемлекет бюджетке салық түсімдерін алмай-ақ мұндай жеңілдіктерден айтарлықтай шығынға ұшырайды", - деді сенатор Сұлтанбек Мәкежанов
Оған қоса отырыста Сұлтанбек Мәкежанов Денсаулық сақтау министрлігінің өкіліне министрліктің бұл тақырыпта дайындалмағанын айтып, ескерту жасады.
Салықтық жеңілдіктерді оңтайландыру және олардың тиімділігін арттыру қай өңірлерде жүзеге асырылатыны туралы Ұлттық
экономика вице-министрі Азамат Әмрин кулуарда айтып берді.
"Салалар бойынша алсақ, біз көбіне өңдеу, қайта өңдеу саласын мақсат етіп отырмыз. Себебі өңдей, қайта өңдей алатын өнеркәсіп - Қазақстанда біз мақсат етіп отырған приоритет. Мемлекет басшысы да өзінің жолдауында дифференциацияланған мөлшерлемелер осы салаларды ынталандыруға жұмсалатынын айтты. Ең бірінші кезекте ол - өңдеу, қайта өңдеу", - деді ҚР Ұлттық экономика вице-министрі.
Сонымен қатар Азамат Әмрин журналистердің "Салықтық жеңілдіктердің тиімділігі қашан артады? Неліктен көп жыл бойы ештеңе өзгермеді?" деген сұрағына жауап берді.
"Тиімділік бар деп айтқым келеді. Бүгін дөңгелек үстелде Инвестиция комитетінің өкілдері кейінгі жылдың өзінде 28 млрд доллар инвестиция болғанын және бұл былтырғымен салыстырғанда 17% жоғары көрсеткіш екенін айтты. Бұған қоса Сыртқы істер министрлігі өнімнің көлемі, инвестиция көлемі, жұмыс орындары артып жатқанын айтты. Тиімділік бар".Азамат Әмрин
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript