Сенатта комитет басшылары сайланды

Сенатта комитет басшылары сайланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.01.2023 11:41 Сурет: senate.parlam.kz
26 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында комитет басшылары сайланды, деп хабарлайды Zakon.kz .

Андрей Лукин - Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетін басқарды.

Асқар Шәкіров - Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды.

Сүйіндік Алдашев - Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы болып  тағайындалды.

Нұртөре Жүсіп - Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы болды.

Әли Бектаев - Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы болды.

Бұған дейін Мәулен Әшімбаев қайтадан Сенат спикері болып, Жақып Асанов вице-спикер болып сайланғаны белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: