Ерлан Қошанов Amanat партиясының төрағасы болып сайланды
Сурет: akorda.kz
Amanat партиясының төрағасы болып Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов сайланды. Оның кандидатурасын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынды, деп хабарлайды, Zakon.kz.
Оның кандидатурасын партия мүшелері кезектен тыс XXIII съезде қолдады.
Amanat партиясы – президенттің қоғамдық тірегі, реформалар партиясы және Жаңа Қазақстан құру партиясы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа және менің әріптестеріме сенім білдіргені үшін тағы да алғысымды білдіремін. Ерлан Қошанов
Мемлекет басшысы Ерлан Қошановтың ұйымдастыру қабілеті жоғары, тәжірибелі әрі білікті азамат екенін атап өтіп, бұл өзгерістер партияның жаңаруына жол ашатынын айтты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript