Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланды
Сурет: Zakon.kz
Елордада Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI Съезі өтіп жатыр. XXI Съездің шешімімен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірауыздан Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Zakon.kz
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Nur Otan партиясының Төрағасы етіп сайлау туралы ұсыныс енгізді.
Партияның кезектен тыс XXI Съезінің шешімімен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірауыздан Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланды.
Nur Otan партиясына төрағалық ету – жауапты жұмыс. Осы міндетті атқаруды маған ұсынып, қолдау көрсеткендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін.Қасым-Жомарт Тоқаев
Съезге бейнеконференц байланысы режимінде ел басшылығы, Саяси кеңес мүшелері, аймақтық филиалдар өкілдері, депутаттар мен үкімет мүшелері қатысуда.
Тұңғыш Президентіміз елімізді іргесі берік мемлекетке айналдыру үшін зор еңбек сіңірді – Тоқаев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript