Жаңалықтар тізбегі
0

Ерлан Қошанов ҚР Парламенті мәжілісінің төрағасы болып сайланды

Парламент, мәжіліс, мәжіліс төрағасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2022 10:55 Сурет: Ақорда
Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің спикері болып сайланды, деп хабарлайды Zakon.kz
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты таратқан ақпаратқа сәйкес, Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Жақанұлы Қошанов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды.

Ерлан Жақанұлы Қошанов 1962 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 1984 жылы Қарағанды политехникалық институтын бітірді. 1999 жылы – Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірді.

  • Институт бітірген соң Жезқазған кен-металлургия комбинаты байыту фабрикасының слесары, шебері болып істеді.

  • 1988-1990 жж. – жұмыскер және ауыл жастары бөлімінің нұсқаушысы, Қазақстан ЛКЖО Жезқазған облыстық жастар проблемаларының әлеуметтік-экономикалық бөлімінің меңгерушісі.

  • 1990-1995 жж. – Жезқазған облыстық комитетінің сыртқы экономикалық байланыс комитетінің жетекші маманы, бөлім бастығы, төрағасының орынбасары, төрағасы.

  • 1995-1999 жж. – Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты.

  • 1999-2001 жж. – Қазақстан Республикасының Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі.

  • 2001-2003 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасының Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі.

  • 2003-2006 жж. – Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі.

  • 2006-2007 жж. – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің азаматтық авиация комитетінің төрағасы.

  • 2007-2012 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасының Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі.

  • 2012-2017 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің Басшысы.

  • 2017-2019 жж. – Қарағанды облысының әкімі.

  • 2019 жылғы 18 қыркүйек күні Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: