Ерлан Қошанов Мәжіліс депутаты болып тіркелді

Парламент, мәжіліс, мәжіліс депутаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2022 10:06 Сурет: Ақорда
Президент Әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошанов Мәжіліс депутаты болып тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz
ҚР Орталық сайлау комиссиясының сайтында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қошанов Ерланның тіркелгені туралы хабарланды.
  • «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 5, 6-тармақтарына, 98-бабына сәйкес және «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Саяси кеңесі Бюросының 2022 жылғы 31 қаңтардағы № 002PQ қаулысынан үзінді көшірмеге сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  • 1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының бос мандаты «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Ерлан Жақанұлы Қошановқа берілсін.

  • 2. Ерлан Жақанұлы Қошанов Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелсін.

  • 3. Ерлан Жақанұлы Қошановқа белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: