Референдум: Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов дауыс берді
Ол дауыс беріп болғаннан кейін журналистердің сұрақтарына жауап беріп, референдум күнін ел үшін неліктен аса маңызды деп санайтынын түсіндірді.
"Бүгін – мемлекетіміз үшін өте маңызды күн, еліміздің болашағы үшін маңызды шешім қабылдаймыз. Ең бастысы – бұл шешімді Қазақстан халқы қабылдайды. Әр азамат еркін дауыс бере алады және референдумды жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Қазақстандықтар мемлекет үшін дұрыс шешім қабылдайды деп ойлаймын", - деді Мәжіліс спикері.
Еске салайық, бүгін Қазақстан аумағында атом электр станциясын салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтіп жатыр.
Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 7.00-де дауыс беру басталды.
Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі дауыс беру бюллетенінде "Сіз Қазақстанда атом электр стансасының салынуымен келісесіз бе?" деген сұрақ бар. Ал сайлаушының жауап нұсқалары: "Иә, келісемін" және "Жоқ, келіспеймін". Сайлаушы кез келген белгіні өзі дауыс беретін жауап нұсқасының оң жағындағы бос шаршыға қояды.
Дауыс беру тізіміне 12,3 миллионға жуық қазақстандық енгізілген.
Референдумға 30 шет мемлекет пен төрт халықаралық ұйымның (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Түркі мемлекеттері ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес) атынан 177 байқаушы қатысады.