Мәулен Әшімбаев АЭС бойынша референдумда дауыс берді

Мәулен Әшімбаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2024 09:29 Сурет: Zakon.kz
Сенат спикері Мәулен Әшімбаев АЭС бойынша референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол АЭС салу бойынша референдумда дауыс беріп, бұл күнді тарихи күн десек артық айтқандық болмайтынын атап өтті.


Еске салайық, бүгін Қазақстан аумағында атом электр станциясын салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтіп жатыр.

Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 7.00-де дауыс беру басталды.

Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі дауыс беру бюллетенінде "Сіз Қазақстанда атом электр стансасының салынуымен келісесіз бе?" деген сұрақ бар. Ал сайлаушының жауап нұсқалары: "Иә, келісемін" және "Жоқ, келіспеймін". Сайлаушы кез келген белгіні өзі дауыс беретін жауап нұсқасының оң жағындағы бос шаршыға қояды.

Дауыс беру тізіміне 12,3 миллионға жуық қазақстандық енгізілген.

Референдумға 30 шет мемлекет пен төрт халықаралық ұйымның (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Түркі мемлекеттері ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес) атынан 177 байқаушы қатысады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: