Жаңалықтар тізбегі
0

Ерлан Қарин ҚР Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды

тағайындау, ҚР Мемлекеттік хатшысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2022 10:28 Сурет: akorda.kz
Ерлан Қарин Қырымбек Көшербаевтың орнына ҚР Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz

Қазақстанның мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Қаринді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп мәлімдеді Ақорда.

Ерлан Қарин Қырымбек Көшербаевтың орнына келді.

Президент жарлығымен ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымынан босатылды.

Ерлан Қарин 1976 жылы 26 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысында (Түркістан облысы) дүниеге келген.

1997 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік университетін тарих мамандығы бойынша оқыған.

1999 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің философия және саясаттану факультетін тәмамдаған. Саясаттану ғылымдарының кандидаты.

1996-1998 жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік университетінде саясаттану кафедрасында оқытушы болған.

1998-2000 жылдары Қазақстанның даму институтының Саяси зерттеулер орталығында қызметкер, Ресей және Қытай институты директорының орынбасары.

2000-2003 жылдары Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінің директоры.

2004-2006 жылдар аралығында Антитеррорлық бағдарламалар орталығының жетекшісі болды.

2006 жылы Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың қоғамдық және саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі болды.

2008 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Президент әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Сол жылдың қараша айында «Нұр Отан» партиясының стратегиялық даму жөніндегі хатшысы қызметін атқарды.

2014 жылы 16 қазанда ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры болып тағайындалды.

2017 жылдың 9 ақпанында «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы қызметінде болды.

2019 жылы ҚР Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

2020 жылғы шілдеден бастап Президенттің көмекшісі қызметін атқарып келді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: