Әйел банктен алған қарызын төлемес үшін шашын бояп, арықтап кеткен

sputniknews.kz sputniknews.kz
Борышкер әйел Краснодар-Омбы бағытындағы пойызға отырар кезде ұсталған.

Кубань тұрғыны банкке қарыз болған 117 млн рублін төлемес үшін сырт келбетін өзгертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Краснодар өңірі бойынша Федералды сот приставтары қызметіне сілтеме жасап.

Сот приставынан жасырынып жүрген әйел Краснодар-Омбы бағытындағы пойызға билет сатып алған.

"Жолға шыққан жолаушылардың арасынан борышкерді тану оңай болған жоқ. Біздегі әйелдің кескінімен салыстырғанда, ол айтарлықтай арықтап, шашының түсін өзгерткен. Полицейлер құжатты тексерген кезде, перрондағы әйелдің сот приставтары іздеп жүрген борышкер екеніне көзіміз жетті", дейді ФСПҚ қызметкерлері.

Борышкердің табылуына байланысты іздеу ісі тоқтатылды. Қазіргі таңда қарызды өндіру процесі жүріп жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз