Араққа тойып алған екі жолаушы әйел пойыздан түсіріліп, айыппұл арқалады
Сурет: rail_news.kz
29 қаңтарда Қостанай – Алматы бағытындағы жолаушылар пойызы Қарағанды облысының Ақадыр станциясында тоқтап, пойыз бастығының актісі бойынша ішімдікке сылқия тойып алған екі әйел түсіріліп, полиция қызметкерлеріне тапсырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тексеру барысында көлік полицейлері Алматы қаласы мен Қарағанды облысының 50 және 55 жастағы тұрғындарын анықтады. Олар пойыз ішінде алкогольдік ішімдік ішіп, басқа бір жолаушыға балағат сөздер айтқан, осылайша қоғамдық тәртіпті бұзған.
"Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, олар “жеңіл және орташа дәрежелі” масаң күйде болған. Тәртіп сақшылары құқық бұзушыларға қатысты ӘҚБтК-нің 440-бабы және 434-бабы бойынша бірден екі әкімшілік хаттама толтырып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салды". ҚР ІІМ
Сондай-ақ материалдар сотқа жолданды.
Айта кетейік, құқық бұзған жолаушы әйелдердің бірі алкогольдік ішімдік тұтыну және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін екінші рет әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр. Ол 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript