Алматы-Маңғыстау жолаушылар пойызында поезд бастығы мен жолаушы арасында жанжал шыққан

Пойыздағы жанжал, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2023 17:13 Сурет: видео скрині
Алматы-Маңғыстау бағытындағы жолаушылар пойызында поезд бастығы мен жолаушы жанжал шыққан, деп хабарлайды Zakon.kz.

"2022 жылғы 30 желтоқсанда Тараз станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Алматы-Маңғыстау бағытындағы жолаушылар пойызында поезд бастығы мен 37 жастағы жолаушы арасында болған құқықбұзылушылыққа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабының 1-бөлігі (Өзінше билік ету) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс аумақ бойынша Шымкент станциясындағы желілік полиция бөлімі тергеп-тексеріп жатыр", - делінген polisia.kz-тің 2023 жылғы 15 қаңтардағы хабарламасында.

Бұған қоса, алғашқы тексеруде поездың 37 жастағы жолаушысы ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 204-бабы (Қоғамдық орында сауда сату) және 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Сонымен бірге пойыз бастығы аз. Р-ға қатысты ҚР ӘҚБК-нің 434 бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. 2023 жылғы 17 қаңтарда жоғарыда аталған әкімшілік істер Тараз қаласының арнайы мамандырылған әкімшілік сотына жолданады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: