Аян Дүйсембаев Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы болды

Аян Дүйсембаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2022 12:05 Сурет: ҚР ІІМ
Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы лауазымына Аян Дүйсембаев тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz

Жеке құрамға Полиция департаментінің жаңа басшысын ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Мұрат Баймұқашев таныстырды.

Жаңа лауазымына дейін Аян Дүйсембаев Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

  • Аян Сәбитұлы Дүйсембаев 1966 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 1999 жылдан бастап Алматы қаласы ІІБ криминалдық полиция қызметі бөлімінің жедел уәкілі лауазымында жұмыс істей бастады.

  • 2012 жылдан бастап Атырау облысы Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары, 2016 жылдан 2019 жылға дейін осы Департаменттің бастығы қызметін атқарды.

  • 2019-2021 жылдар аралығында Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: