Сарқытбай Құсайынов Жетісу облысы полиция департаментінің бастығы болды
Сурет: Жетісу облысы полиция департаменті
Сарқытбай Құсайынов Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша ҚР Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен Жетісу облысы полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция полковнигі тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция полковнигі Құсайынов 1973 жылдың 22 қыркүйегінде Алматыда дүниеге келген. Ішкі істер органдарында қызметін 1995 жылдан бастаған.
Еңбек жолын жедел уәкілден бастап, әр түрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. Осы уақытқа дейін ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары болды.
Еске салайық, департаменттің жеке құрамы арасындағы моральдық-психологиялық ахуалды нығайту және облыс аумағындағы жедел жағдайдың тұрақтылығын сақтау мақсатында 2023 жылдың 15 қарашасынан бастап ҚР Ішкі істер министрінің нұсқауымен өңір полициясын уақытша Арман Саданов басқарды.
Полиция генерал-майоры Арман Саданов ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментін басқара береді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript