Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы тағайындалды
Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
ҚР Президенті әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы болып Арманбек Баймурзин тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz
Жаңа бастықты жеке құрамға Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды.
Арманбек Хакимбекұлы Баймурзин 1974 жылы дүниеге келген, ішкі істер органдарында 1992 жылдан бастап қызмет атқарады.
2004-2012 жылдары ҚР ІІМ Криминалдық полиция комитетінің басқарушылық лауазымдарында қызмет етті.
Әр жылдары Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаментінің бастығы болды.
2019 жылдың қазанынан бастап осы уақытқа дейін Ақмола облысы Полиция департаментінің бастығы қызметін атқарып келді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript