Жаңалықтар тізбегі
0

Астана әуежайында жолаушыларды түсіруге арналған жол желісі орнатылды

informburo.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2018 17:56 informburo.kz
Арнайы жол желісі 2018 жылғы 21 шілдеден бастап жұмыс істей бастайды.

Астанада әуежайдың вокзал маңы алаңында бөлек кіру жолы бар арнайы жол желісі жайластырылды деп хабарлайды zakon.kz.

Еске сала кетейік, әуежай орынтұрағының арнайы жол желісін ұйымдастыру туралы тапсырманы «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайында көлік мәселелері жөніндегі көшпелі мәжіліс барысында Астана әкімі Әсет Исекешев берген болатын.

Бұл жаңалықты ұйымдастыру Астана тұрғындары мен қонақтары үшін әуежайдың вокзал маңы алаңының жайлылығын арттыру, сондай-ақ қарсы алушылар, шығарып салушы және жолаушылардың уақытын үнемдеу мақсатында тапсырылған.

Әуежай аумағындағы орынтұрақ кеңістігі былайша ұйымдастырылған:

Арнайы жол желісі Т1 мен Т2 терминалдарынан аяқ жетім жерде орналасқан және ол 4 жолақтан тұрады – автокөлік қозғалысына арналған 2 жолақ, жолаушыларды отырғызу мен түсіруге арналған 2 жолақ.

Орынтұрақтың арнайы жол желісіне Қабанбай батыр даңғылымен 6 кірер шлагбаум арқылы кіреді. Шығар тұста 5 шығар шлагбаумы бар. Орынтұрақ ақысын төлеуді жеңілдету үшін арнайы жол желісінен шығар тұста 3 паркомат қойылған. Тағы 2 паркомат Т1 терминалында және Т2 терминалы жанында орнатылған.

Сонымен қатар, орынтұрақтың арнайы жол желісі аумағында автомобильдердің қозғалысын тиімді реттеу үшін автокөлікті тұраққа қоюшы диспетчерлер жұмыс істейді.

Негізгі автотұраққа кірер жол да 4 кірер шлагбаум арқылы Қабанбай батыр даңғылындағы қозғалыс бойынша орналастырылған. Шығу – қозғалыс бойынша 5 шығар шлагбаум арқылы.

Арнайы жол желісі ұйымдастырылуына байланысты 2018 жылдың 21 шілдесінен бастап аэропорт орынтұрағындағы тарифтер де өзгертілетін болады.

Тарифтерді қалыптастыру кезінде халықаралық тәжірибе ескерілді. Орынтұрақ аймағының арнайы жол желісінде көлік құралдарының рұқсат етілген тегін тұру уақыты 0-ден 15 минутқа дейін. Еуропа елдерінде ең аз тегін тұру уақыты қолданылады немесе тегін уақыт деген болмайды.ТМД елдерінде тегін тұру уақыты көптеу.

Мысалы, Киев әуежайында – 10 минут, «Шереметьево» мен «Домодедово» атты Мәскеу әуежайларында – 15 минут, «Пулково» деген Санкт-Петербург қаласының әуежайында – 15 минут.

«Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайында тарифтер былайша белгіленді:

Әуежай орынтұрағының арнайы жол желісінде тұрудың алғашқы 15 минуты тегін. Уақыт шегінен асып кеткен жағдайда, автожүргізуші өз көлігінің арнайы жол желісінде тұрған әрбір келесі сағаты үшін 1000 теңгеден төлейді.

Әуежайдың ортақ орынтұрағында тұру құны – кірген сәттен бастап 10 сағатқа дейін сағатына 100 теңге. 10-шы сағаттан бастап, 24 сағатқа дейін – 1000 теңге. Әрбір келесі тәулігі – 500 теңге. Тегін уақыт деген жоқ.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2018 17:56
Енгізілетін жаңалықтар көлік жүктемесін тиімді басқаруға, орынтұрақ кеңістігін пайдалануды оңтайландыруға және заңсыз тасымалдаушылармен нәтижелі күресуге мүмкіндік береді деп күтіледі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: