Алматыда жылу жүйесі ажыратылды
ҚазАқпарат
2017-2018 жылғы жылыту маусымы 12 сәуірден бастап тоқтатылады.
Алматы әкімдігі биылғы жылыту маусымын аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Алматы жылу желілері» ЖШС баспасөз қызметінің хабарлауынша, жылу жүйесі қалада ауа температурасының жоғарылауына байланысты ажыратылды.
«Қалада бірнеше тәулік бойы 8 градустан жоғары ауа температурасы сақталып келді. Осыған сәйкес 2017-2018 жылғы жылыту маусымы 12 сәуірден бастап тоқтатылады», - делінген «Алматы жылу желілері» ЖШС хабарламасында.
Айта кетерлігі, ортақ есептеу құрылғысы орнатылмаған үйлердің тұрғындары ақшаны алдын ала төлеп қойған болса, 1 шілдеге жетпей қайтарылады.
«Жылу желілерін жөндеу немесе құбырларды қайта жасау жұмыстарының мерзімі бірқатар сынақ жұмыстарынан соң белгілі болмақ. Қаланың жылу кешенін қайта жасау кезінде ыстық су беру жалғасатын болады», - деп мәлім етті қалалық жылу беру компаниясы.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript