Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қостанайда тонаушылар үй иесіне электрошокермен шабуылдаған

Қазір күдіктілер қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сурет : sputniknews.kz16 Шілде 2018, 11:37

Қостанайда қарақшылар өздерін коммуналдық шаруашылық қызметкерлері ретінде таныстырып, пәтер тонамақ болған, деп хабарлайды sputniknews.kz Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Ведомство мәліметі бойынша, полицияға жергілікті тұрғын хабарласып, пәтерін белгісіз біреулердің тонамақ болғанын жеткізген.

Қарақшылар әуелі коммуналдық шаруашылық қызметкерлеріміз деп танысып, электрошокермен арам ойларын іске асырғысы келіпті. Жәбірленуші оларға қарсылық көрсетіп, ақыры тонаушылар оқиға орнынан қашып кетеді.

Жедел іздеу шаралары нәтижесінде полиция күдіктілерді ұстады. Олар 31 жастағы әйел мен 37 жастағы ер адам екен.

Қазір аталған тұлғаларға қатысты ҚР ҚК "Қарақшылық" 192-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеулер жүріп жатыр. Бұл екеуінің былтыр тамызда Қостанай спорт кешенінен екі миллион теңгенің ұрлануына қатысы бар болып шықты. Күдіктілер қамауға алынған.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер