Қостанай облысында сатушыға пышақ кезеген ер адам дүкеннен 135 мың теңге алып кетті
sn.kz
Қазір аталған қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Қостанай облысындағы Рудный қаласында полицейлер дүкеннен ақша алды деген күдікпен ер адамды ұстады. Ол 39 жастағы Жітіқара қаласының тұрғыны деп жазады sn.kz.
28 маусым күні таңертең Рудный қалалық ІІБ-не Ленин көшесіндегі дүкеннің бірінде белгісіз ер адам сатушыны пышақпен қорқытып, кассадан 135 мың теңге алып кеткені туралы ақпарат түскен.
Күдіктіні ізін суытпай ұстау мақсатында жедел-іздестіру тобы құрылып, ер азамат Жітіқара қаласында ұсталды.
Қазір аталған қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдікті Рудный қаласындағы уақытша қамау изоляторына жабылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript