Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Шымкентте өртенген 45 көлікке қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алдын-ала болжам бойынша, өртке айып тұрағындағы "КАМАЗ" маркалы жүк көлігінің тұтануы себеп болған.

Сурет : Baq.kz17 Шілде 2018, 10:11

Шымкенттегі айып тұрағында шыққан өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Өрт салдарынан автотұрақта тұрған 45 автокөлік жанып кеткен болатын, деп хабарлайды Baq.kz.

Бұл туралы Азаттыққа 16 шілдеде Түркістан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Айып автотұрағында шыққан өрт оқиғасы бойынша Қылмыстық кодекстің 202-бабы ("Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру") бойынша іс қозғалды. Бірнеше сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр" делінген хабарламада.

Естеріңізде болса, 15 шілдеде Шымкентте айып тұрағында шыққан өрттен айыппұл салынған он автокөлік пен жарамсыз деп танылып, жойылуы тиіс 35 машина жанып кеткен. Алдын-ала болжам бойынша, өртке айып тұрағындағы "КАМАЗ" маркалы жүк көлігінің тұтануы себеп болған. Кейін тұрақтағы жеңіл автокөліктер мен сол жерге жақын орналасқан екі қабатты жихаз цехының шатыры жанған. Өрттің жалпы аумағы 294 шаршы метрді құраған. Өрттен адамдар зардап шекпеген. Және өртенген машиналардың құнын кім өтейтіні де айтылған.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер